М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде 13.11.20 ж «Негізгі орта білім беру» мамандығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінде оқитын УКЯ-1-17 топ студентерінің «Байқау және бақылау тәжірибесі- болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін дамытудың негізі» тақырыбында конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: байқау тәжірибесін қорытындылау, қазіргі жағдайда білім беру мазмұнының жаңарту аясында студенттердің кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуы негізінде студенттердің кәсіби дайындық деңгейін анықтау. Жиналысқа директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары- А.М. Жакина, қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік оқытушылары, әлеуметтік серіктестен «Қазақ мектеп - гимназиясының» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Байтенова Гүлім Жақсылыққызы, «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп» мұғалімдері - Елеусизова Роза Қанатовна мен Касенова Зира Сейілбекқызы және УКЯ-1-17 топ студенттері қатысты.
Әдіскерлер осы оқу жылындағы тәжірибенің ерекшеліктеріне, қашықтықтан оқуға байланысты Zoom, Microsoft Teams платформаларында сабақ беру барысында кездескен жаңалықтар мен қиыншылықтарға талдау жасады.
«Қазақ мектеп- гимназиясы» мен «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп» мұғалімдері студенттерге бағыт–бағдар сілтеп, ақыл- кеңестерін айтып, теориялық білімін тәжірибеде қолдануда барынша жағдай жасалғандығына тоқталды.